АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ауданымыздағы қалам ұстаған жандардың қарашаңырағына айналған “Шу өңірі” және “Шуская долина” газеттерінің ұжымымен, ардагер журналистермен кездестім.
Жалпы, ғасырға жуық тарихы бар басылымда көптеген майталман қаламгерлердің қолтаңбасы қалғаны белгілі. Қазір де алдыңғы толқынның ізін жалғап, жемісті еңбек етіп жүрген журналистер жетерлік.
 
“Жегені жантақ, арқалағаны алтын» деп Шерхан Мұртаза айт­қандай, жақ­сыны да, қиындықты да жүгіріп жүріп елге жеткізуге асығатын қаламы жүй­рік журналистердің жанкешті еңбегіне әрдайым бас иеміз.
 
Мереке қарсаңындағы кездесуде төртінші билік өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, марапаттадық. Сондай-ақ, аудандық газетте ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлеріміз де өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, басылымның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Құрметті журналистер қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Жұмыстарыңыз жемісті болып, еңбектеріңіз әрдайым елене берсін!

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі