Аудан әкімі ардагер спортшыларды марапаттады

Бүгін Талас ауданының әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет 60 жастан асқан ардагерлер арасында өткен республикалық чемпионат жүлдегерлерін қабылдап сый — сияпат көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 26 маусым — 1 шілде күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында кіші футболдан 60 жастан асқан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының алғашқы чемпионаты өткен болатын. Бұл дүбірлі додада Қаратаулық «Казфосфат-Намыс» командасы жеңімпаз атанды.

Талас аудан әкімдігі