Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады»

«Баршаңыз жақсы білесіздер, қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады», – деді Мемлекет басшысы. Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына екі жыл толды.