Әрдайым өзіңді мақтап жүр…

1. Түпсананың ризашылығы – өзіңді мақтау, яғни түпсанаңды мақтау болып шығады. Сана мен түпсана арасындағы қарым-қатынас жақсарады. Егер түпсана сиқырын сезінгіңіз келсе, өзіңізді көбірек мақтаңыз. Мақтауға көбірек себеп табыңыз. Сонда сәттілік пен тосынсыйлар көптеп мазалайтын болады.

2. Позитивті ойлау – мақтау арқылы позитивті байқап үйренесіз. Әлемді жарық, жарқын бояуға бояйсыз. Неғұрлым көп жақсылықты байқасаңыз, соғұрлым көбірек игілікке кенелесіз. Мысалы, белгілі бір маркалы қызыл көліктерді санап бастасаңыз, қалада мұндай көліктерден аяқ алып жүгісіз екенін байқайсыз.

3. Қою нүкте – мақтау психикаңызды іс бітті, енді оған күш-қуат пен уақытты зая кетірме дегенге иландырады. Одан да зор мақсаттарға ұмтылыңыз деп белгі береді. Сәтті біткен кез келген жобаны тойлаудың басты психологиялық мақсаты осыған саяды.

4. Жүректі ашу – өзіңізді мақтау арқылы жүректі ашып, сезімді қабылдауын үдетесіз. Әйтпесе, өзіңіздің мақтауыңызды қабылдамай тастайсыз. Жүрегі ашық адам достықты, махаббатты жеңіл қабылдайды. Өзін ғана емес, өзгені де риясыз жақсы көретін болады. Оның үстіне айналаңыздағы адамдарды да осындай сенімге тәрбиелейсіз.

5. Дені сау қарым-қатынас – өз-өзіңізді мақтап отырсаңыз, өзгенің мақтауы мен қолдауына мұқтаж болмайсыз. Бұдан былай олармен сізді мақтағандықтан емес, олармен араласу қызық, тартымды болғандықтан араласасыз.

6. Сенім – өзіңізді күнде мақтаңыз. Сонда өзіңізді бағалау ашыған қамыр сияқты күн өткен сайын көтеріле бермек. Өзіңізге деген сенім әр жасушаңызға сіңіп қалады. Дауысыңыздан, жүріс-тұрысыңыз бен әрекетіңізден сенімділік есіп, сенімді қыздар жігіттерді, сенімді жігіттер қыздарды магниттей тартып тұратын болады.

7. Тыныштық пен сабыр – шын жүректен айтылған анық мақтау организмге ең мықты антидеприссант сияқты әсер етеді. Бұлшықет босаңсып, бейберекет ойлар жоғалып, тыныс алу қалыпқа түсіп, тамыр соғысы ретке келеді. Қуаныш гормоны – эндорфин молынан бөлінеді.

Олег Персидский

Аударған Шынар Әбілдә