Апта бойы жалғасқан көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Қарасу ауылымен аяқталды.

Осындай кездесулер Қаракемер, Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында өтіп, тұрғындар толғандырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшені жарықтандыру, сумен қамту, тұрғын үй құрылысына жер бөлу, мобильді интернет сапасын жақсарту, т.б. мәселелер көтерілді.

 

 

Бірқатар сұрақтарға түсіндірулер берілсе, бірқатары бақылауға алынды. Орындалуы өзімнің жеке бақылауымда болады.

Жалпы «Колхоз» аумағы бойынша өткізілген қоғамдық қабылдауларға жалпы 200 ден астам тұрғын келіп, 41 мәселе бақылауға алынды.

 

 

Осылайша Қордай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ауданымызда тиімді іске асуда.