АЛТЫ АУДАНДА ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Аймақта көктемгі дала жұмыстары басталғалы 10 күннен астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта дала жұмыстары Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу аудандарында қызу жүріп жатыр.
Бүгінгі күні облыс бойынша жоспарлы жыртылуы тиіс 104,0 мың гектар жердің 16,4 мың гектары айдалып, дайындалатын 453,2 мың гектар алқаптың 16,6 мың гектары дайындалды. Сондай-ақ, 7,9 мың гектарға жаздық масақты дақылдар себілсе, 425 гектарға көп жылдық шөп, 645 гектарға көкөніс және 571 гектарға пияз дақылы егілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы