АЙШАБИБІ АУЫЛЫНДА БІЛІМ ОРДАСЫ САЛЫНАДЫ

(Есептік кездесулерден)

 

 

Айшабибі ауылындағы есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек арнайы қатысып, түрғындар тарапынан түскен өтініштерге көңіл аударды. Есептік баяндамасын жағымды жаңалықтан бастаған аудан әкімі Сәкен Арубаев ағымдағы жылы тұрғындар үш ауысымды оқудың әбігерінен құтылатынын, ауылға заманауи құрылғылармен жабдықталған 300 орынды мектеп құрылысы басталатынын жеткізді. Өткен жылы округте тиянағын тапқан бірқатар игіліктер бар. Қырғыз елімн шекаралас жатқан Қаратау ауылына мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауыз су жүйесі жүргізілсе, көршілес елдің байланысына қосылып келген қаратаулықтар, отандық оператордың желісіне қосылды. Бұдан бөлек ауыл маңынан «көгілдір отын» төбе көрсетті. Ауылдық Мәлениет үйі әсем кейіпке еніп, абаттандырылса, ауыл атын иемденген білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Окркгке қарасты Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл ауылдарында 1073 аула, 5 557 адам бар.

 

 

Өткен жылы 1255 гектарға өнім егіп, 2740 тонна өнім алынып отыр. Оокругтегі 278 шаруа қожалығы тіркелген. Сонымен қатар үй құрылысын жүргізуге ниетті 879 адам кезекте тұрса, ағымдағы жылы 382 жер телімі ел игілігіне берілетін болады.
Есептік кездесуде ауданның Құрметті азаматы Райымбек Мұсатаев ауданның және округ әкімінің есебін қанағаттандырарлық деген бағаласа, Айшабибі орта мектебінің директоры Бахыт Шертаева мектепке апаратын жолға жүргіншілерге арналған тратуар орнатылса деген тілегін білдірді. Ал, өзін Әли Шермат деп таныстырған азамат егінсудың тапшылығын, стадион айналасын реттеу қажеттігін сөз етті. Сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарылып, хаттамаға еңгізілді

Жамбыл ауданы әкімдінінің баспасөз қызметі