Әйел мен қызды орап қойып өзін еркек сезінетін надан қоғам

Қаңтар оқиғасы кезінде басын құмға тыққан страус сияқты үнсіз жатыр еді мына қоғам.
Орамалды айтқанда ұлардай шулап ата заң бар екені естеріне түсіп кетіпті.
Қарапайым ғана қазақ тілінде қызмет көрсетуді сыпайы формада сұраған қазақты үңгірден шыққан деп Грузияға ит қосып жер аударып жіберді.
Ол кезде мына қоғам дәл орамалды қорғағандай «ата заңдағы оның құқығы ғой!»-деп осылай өре түрегеліп араша түспеп еді.
Қазір қаңтар қырғынында жапа шегіп, сизоларда азап көрген, туысы өлтіріліп әділет іздеп жүрген, жазықсыз сот табалдырығын тоздырып жүрген жандарға да қоғам осылай
неге өре түрегеліп араша түспейді?
Өзі сияқты екінші мұсылманды орамалға қарсы келсең Алланың қаһарына ұшырайсың деп қорқытады.
Күлкім келеді.
Әділет сұраған бауырларына, ана тіліне араша түсе алмай отырып діннің сыртқы формасы үшін» ұлы күрескер» болу барып тұрған бейшаралық.
Нағыз құдайшыл, иманың болса, қаңтардағы қырғынға әділ бағасы берілмейінше баламды мектепке жібермеймін десін.
Табанының бүрі жоқ. Әйел мен қызды орап қойып өзін еркек сезінетін надан қоғам.