Абысын асы

Абысын тату болса ас көп.

⚜️ Бұрын бір ауылдың әйелдері, яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұхсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт.

⚜️ Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып, өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастархады кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын.