АБАЙ: БӨТЕН СӨЗБЕН БЫЛҒАНСА СӨЗ АРАСЫ…

Абай үнемі екі сөйлейді. Сөздерінің бәрі біріне-бірі қайшы келіп жатады. Мысалы, Абай өлеңдері мен қара сөздерінде өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін орыс пен араб сөздері көптеп кездеседі, Мысалы, адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дознание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер т.т. болып кете береді.
Сол сияқты Араб сөздері оданда көп: Мысалы, уаһас салим, мәнфагат, бәһра, сифатии,тәслим, муслим, агламланган, зәрра, субутия, фиглия, олуда, гафлият, тәбиг, мәтбуг, раббыге, Уадуд, Нафиг, гамәла, халис, ұхырауи т.б. кете береді. Бір ғана 38-ші қара сөзінде 188 араб сөзі қосылып жазылған.
Сол сияқты татар сөздерін де жиі араластырып отырады. Мысалы, “оқу бірлән», «есту бірлән» (13-ші сөзі) деген сияқты болып кете береді.
«Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының езіне.
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең алмайды
Саудыраған жезіне»,
…әр түрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады.
…губернатордың назначениесі,
…біреуді посредникке сайлап алып т.т. десе
«Өлең сөзді патшасы» деген өлеңінде:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы» деп алады да өзі үнемі басқыншы орыс пен араб сөздерін өте көп қосып жазады.
Дәлірек айтсам, Абайдың 45 қара сөзіне 233 жаттың сөзі қосылып жазылған.
Бүгінгі күнгі қазақтың кейбір ұлы мен қыздарының өз Ана тіліне деген құрметін жоғалтып, үнемі орыс мен араб сөздерін қосып сөйлеп, маймылша құбылулары Абайдан бастау алған болып тұр.
Абай орыс тілін өз бетінше үйреніп, өз ана тіліндей сөйлеген және орыс ақындарының
шығармаларын Қазақ тіліне аударған. Өзі де, бүкіл Қазақты басқыншы патшалық Ресей тілі мен мәдениетіне табынуды уағыздаған. Алайда, бүгінгі таңда орыс тілінің жағдайы төмендегіше:
1991 – орыс тілінде 240 миллион адам сөйлеген.
2009 — 167 миллион (Encarta Әнсікілепедиясі)
2019 — 154 миллион (Ethnologue: Languages of the World)
2021 — 152 миллион адам
2022 — 120 миллион. Украинаның орыстілділері орыс тілінен жапай бастарын тартып
жатыр.
31 жылда жартылай азайып кетті. Тағы отыз жылда 60 милиондай қалады.
120 миллионның ішінде Ресейдің ресми статистикасы бойынша 111 миллион орыс
азаматы.
Орыс тілінде ғылыми мақала мен кітап жазған ғалымдар дүниежүзіндегі бүкіл
ғалымдардың арасында 6 (алты) пайыз.
Осы топқа шын ғалымдарға ақша төлеп басқаларға диссертация жаздырған немесе
басқа ғалымның диссертациясын ұрлап өз атынан жариялап білім докторы болған мансапқор шенділер де қосулы. Осындай ақымақтық ең жий ескі КСРО елдерінде көрінеді. Мысалым Аманат (бұрынғы Нұротан) партиясының Саяси Кеңес мүшелерінің тең жартысы ғылым докторлары.
Дүние жүзінде ғылым жайлы жарияланған мақала мен кітаптардан орыс тіліне
аударылған 8 (сегіз) пайызы қана.
Әлемнің ең ірі 200 (екі жүз) компаниялардың басындағы қызметте тұрған ана тілі
орысша 3 (үш) ғана адам бар екен. Олардан біреуі 5 жасында АҚШ-на көшкен Google бастаушысы Сергей Брин.
Қазіргі таңда Ресейдің айналасындағы елдерге соғыс өртін шашып жатқан басқыншылық әрекеттеріне байланысты, әлем елдері бұл елдің тілінен де, мәдениетін де қашып жатыр.
Сергей Бринның Ресей тұралы ең атақты сөзі:
Ол ел Нигерияның қарлы қысы бар түрі.
Әйтпесе, Атамыз Қазақтың Аталы сөзінде «Ердің екі сөйлегені, өлгені» демеуші ме еді?!

 

Мұхамбеткарим Кожирбай ФБ парақшасынан