АҚСАҚАЛҒА ҚҰРМЕТ!

Атағы мен атқарған ісі, құрметі мен қоғамға сіңірген еңбегі бар айтулы азаматтар болады. Олардың әрбір сөзі, айтар кеңесі кейінгіге үлгі-өнеге болары анық.

Осындай тау тұлғалы азаматтардың бірі орман шаруашылығы саласының қадірлі ардагері Барлыбаев Сағатбек.

Бүгінгі көктемнің алғашқы күнінде Сағатбек ағамызды құттықтап, арнайы амандасып қайттық.

42 жыл бір салада еңбек етіп, оның 27 жылында басшылық қызметте болған ағамыздың өңірдегі орман қорының ұлғаюына қосқан үлесі орасан.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары