Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін қазақ поэзиясының алатаудай алыбы, лирик, мұзбалақ, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Поэзия! Менімен егіз ба едің!?» атты поэзия кеші өткізілді.

Іс-шараға ауданның мектеп кітапханашылары мен оқушылары қатысты. Поэзия кеші «Туған жер» өлеңімен ашылды. Іс-шара барысында ақын ғұмырындағы елеулі сәттер мен ыстық естеліктері туралы бейнеролик көрсетілсе, кітапханашы Мұқағали Мақатаевтың кітаптарына библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды мұзбалақ ақын мұрасымен таныстырды.Тұрақты әрі белсенді оқырмандарымыз Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Мереке Ержанұлы іс-шараны қорытындылап, Мұқағали өлеңдерін оқуда белсендік танытқан қатысушыларды алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қонақтар мен қатысушылар Мұқағалидың «Есіңе мені алғайсың» әнін шырқап, әсерлі кеш өз мәресіне жетті.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі