«Ақ мол болсын!»

Бүгін Наурыз мерекесіне орай «Анаға тағзым» орталығында «Ақ мол болсын!» ұлттық тағам түрлерін даярлау бойынша шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатында халық тұтынатын ас түрлері, оның ішінде сүттен 7 түрлі ақ дайындау – сиыр сүтінен ақ ірімшік, қызыл ірімшік, құрт, айран, қатық дайындау; жылқы сүтінен қымыз және түйе сүтінен шұбат дайындау жолдары көрсетіліп, түсіндірілді.
Ұлттық тағам түрлері дәріптелген шеберлік сағатын Талас ауданы, Амангелді ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Мөлдір Желеубаева өткізді.

Тараз қаласының әкімдігі