95-ШІ КӨКТЕМ

Нәзікжандылардың төл мерекесі қарсаңында Д.Қонаев ауылында тұратын Жібек Мыңжасарова әжеміздің шаңырағына арнайы барып, төл мерекесімен құттықтап, батасын алдық. Биыл 95-ші көктеміне аяқ басып отырған апамыздың санасы сергек, денсаулығы қалыпты. Екі ғасырдың куәсі Жібек апамыз немере-шөберелерінің қамқорлығында бақытты ғұмыр кешіп отыр. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай құттықтап барғанымызда әжеміз «Іздеп келгендеріңе алғыс айтамын. Сендерге менің жасымды берсін, бейнетімді бермесін!» деп ақ батасына қол жайдырды. Бүгінде үбірлі-шүбірлі болып отырған әжеміздің жасы ұзақ болып, артынан ерген немере-шөбересінің қызығына тоймай, бақытты ғұмыр кешуін тіледік.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі