6 672 ШАРУАШЫЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгінгі күні облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 10,0 млрд. теңгеден астам мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде, егін шаруашылығы саласы бойынша — 158 шаруашылыққа 484,3 млн. теңге, мал шаруашылығында — 2 651 шаруаға 4,7 млрд. теңге субсидия берілді.
Сонымен қатар, қайта өңдеу саласы бойынша 14 шаруашылыққа 285,0 млн. теңге төленсе, 378 агроқұрылымға 3,1 млрд. теңге инвестициялық субсидия төленді. Бұдан бөлек, кредит және лизинг бағыттары бойынша 3 470 шаруаға 1,3 млрд. теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 1 шаруашылыққа 5,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы