1 лига қыздары арасындағы баскетбол турнирі өз мәресіне жетті

2019 жылдың 25-29 қарашасы аралығында Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің спорт залында қыздар арасында баскетболдан жарыс өткізді. Жарыс 1 лигадағы колледждердің арасында ХІХ облыстық спартакиада бағдарламасы аясында ұйымастырылды.

Бұл сайыста Павлодар және Ақсу қалаларынан келген 5 колледждің қыздары өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін және дайындық барысында алған іскерліктерін көрсете білді. Ойын айналмалы түрде өткізілді. Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі былтырғы нәтижесін қайталап, бірінші орынды иеленді, екінші орында — Павлодар ақпараттық технологиялар колледжі, үштікті Б.Ахметов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі аяқтады. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.

Өз тілшіміз.