ӘКЕМНІҢ МӘРТТІГІ…..

Әйгілі комикс актері Чарльз Чаплин өз сұхбатында былай дейді:
• Мен жас бала едім…
• Әкем мені циркке апарды…
• Билет алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрдық…
• Алдымызда бір әйел мен күйеуі алты баласымен кезекте тұр…

• Ескі киімдерінен олардың кедей отбасы екені көрініп тұрды. Ал балалар циркке келгеніне сондай қуанышты еді.

• Олардың кезегі келді. Әкесі билеттің бағасын сұрады. Билет бағасын білген соң әкенің жүзі өзгеріп, ұяттан өртенді. Күйеуі әйелінің құлағына бірдеңе деп сыбырлады.

• Олардың билетке ақшасы жетпейді. Балалар әкесіне жалбарына қарады.
Осы кезде әкем қалтасынан жиырма доллар шығарып, әдейі жерге тастап, алдында тұрған балалардың әкесіне:

— Мырзам, ақшаң түсіп қалыпты!— деді.
Әлгі кісі әкеме қарап, жердегі ақшаны алды да, көздеріне жас толды.

• Оның: «Рахмет!» деген дірілдеген дауысы үнемі құлағымда жаңғырып тұрады.
• Бұл менің өмірімдегі ең керемет көрініс болды.
• Олар циркке қуана кірді.
• Әкем мені қолымнан жетектеп, кезектен шығарды.

• Өйткені әкемнің сол кісіге берген жиырма долларынан басқа ақшасы жоқ еді.
• Мен әкемді мақтан тұтамын. Өйткені сол күні әкем маған өмірімнің соңына дейін өмірімді өзгерткен екі минуттық тамаша көрініс қойды.

• Сол күні көрген сахна мен көре алмаған цирктен де керемет болды деп ойлаймын.

Аударған: Мейіржан Әуелханұлы.