Ұлттық мүдде жолындағы күрестерің тоқтамасын!

Құрметті журналисттер қауымы! Мерекелеріңіз құтты болсын! Қаламдарың қарымды, ойларың шалымды, рухтарың асқақ болсын! Шерағам айтпақшы, «Арқалағандарың алтын, жегендерің жантақ» болса да, күй таңдамайтын түйе сынды төзімділіктеріңнің арқасында Билік елеп, Алла демеп келеді сендерді. Бүгінгі қоғамның дамуына сендердің қосқан үлестерің зор. Жіті көздер аңғарар болса, тіл мен ділдің, қазақы болмыстың қалыптасуына, биліктегі кейбір менмен шенеуніктердің халықпен санасуына да сендер жол бастаушы болдыңдар.

журналистыКөңілі пәс тартқан жандардың да мерейін өсіріп, еленбей жүргендерді есіркеп, төрге шығарып, «төркінін танымай кетуіне де» себепкер болдыңдар. Өз еңбектеріңмен танылдыңдар, қайда жүрсеңдерде халықтың қасынан табылдыңдар. Нысынаға ілікен қараны қалт жібермес мергендердей, шалт қимылдарыңмен қара сөзден дауыл тұрғызып кететіндерің де бар кейде. Ондай да тайпалған жорғадай көсіліп, құба даланың төсінде жосылып бара жатасыңдар. Қаламнан басқа қаруы жоқ сендерге шүйлігетіндер мен сүйсінетіндер көп, қызығатындар мен сырттарыңнан қызынатындар де жетіп артылады. Өйткені көптің көрмегенін сендер көресіңдер, желдің қай бағыттан соғатынын алдымен сендер сезесіңдер, қара қылды қақ жарып туғанға жақпай, еленбей жатсаңдар да бәріне көнесіңдер. Ендеше  ұлттық мүдде жолындағы күрестерің тоқтамасын, Құрметтеуге лайық бір мамандық сендер ғана — жоқ таласым!  Мерекелерің құтты болсын! Баршаңыздың отбасыларыңа бақ пен береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!  

 Құрметпен, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық сайты