Қылмыстық істер бойынша соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету

Болат Дембаев,

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Департамент бастығы

Қылмыстық істер бойынша соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету прокурорлардың конституциялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының (ҚПК-нің 337-бабы) талаптарына сәйкес прокурорлар барлық қылмыстық іске қатысты сот талқылауларына қатысады. Алайда, азаматтардың өтініші бойынша жеке айыптауға байланысты қозғалған сот ісіне араласа алмайды.

Жыл сайын прокурорлар 40 мыңдай қылмыстық іске қатысты мемлекеттік айыптауларды қолдайды. Сот барысында прокурор айғақтарын көрсетеді, сотқа айыптаудың мәні бойынша өз пікірін білдіріп, қылмыстық заңды қолдану мен айыпталушыға қолданатын жаза туралы ұсыныстарын айтады.

Заңмен және үкімнің дәлелділігімен келіспеушілік жағдайында прокурор оған наразылық білдіреді.

Мәселен, 2015 жылы прокурорлардың наразылықтары бойынша 440 сотталушының жағдайы жақсартылған, яғни, басқа да негіздер бойынша айыбын өтеуіне байланысты тағылған айып азайып, жаза жеңілдетілген және түзету орны өзгертілген.

Соңғы 5 жыл ішінде прокурорлардың наразылығы бойынша 5850 тұлғаға қатысты үкімдер түзетілген, оның 306-сы Бас прокурордың наразылығы бойынша. Сонымен қатар прокурорлардың актілері бойынша қылмыстық жауапкершіліктен бұрын заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін сотталған 300 кәсіпкер босатылған.

Процеске қатысушылардан түсетін шағымдар бойынша да  үкімдер тексеріледі. Барлық сатылардан өтіп, адамдар өз сұрақтарына жауап алу мақсатында Бас прокурорға жүгінеді, өйткені Жоғарғы сотқа наразылық білдіруге оның ғана құқығы бар.

Арыз берушінің қалауы бойынша түскен өтініштер олардың тікелей қатысуымен немесе онлайн режимде қаралады.

Бас прокурордың талабына сай өтініштерді қарау жүйелік бұзушылықты анықтау және азаматтардың неге көңілі толмай жүргендігін көру үшін үнемі талданады.

Мәселен, азаматтар тым қатал жазаға, тіпті зиянсыз әрекетке шағымданған болатын. Талдау көрсеткендей, мұндай себептердің бірі қылмыстың қайталануы болған. Сол үшін барынша қатал жазалаған. Сондықтан, жаңа Қылмыстық кодексті әзірлеу барысында бұл есепке алынған. Оның қаталдығы 30 пайызға төмендеген. Оған қоса, енді қылмыстың қайталану жаза мөлшеріне емес, тек колония түріне ғана әсер етеді.

Заң құқық қорғау органдары мен соттарды азаматтардың қылмыс арқылы бұзылған құқықтарын тезірек қалпына келтіруге және оларды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндеттейді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырысы бойынша Бас прокуратура жасап шығарған жаңа ҚК және ҚПК енгізілді. Былтыр жыл бойы біз оларды іске асыру бойынша жұмыс жүргіздік және барлық төменгі прокурорларды енгізілген жаңалықтарды белсенді қолдануға бағыттадық.

Расында да, қылмыстық процесс тез әрі жеңіл бола бастады.

Мысалы, прокурор мен айыпталушы арасында жасалатын кінәні мойындау туралы мәмілелер соттарға істі қағазбастылық пен бюрократиясыз бір күнде қарастыруға мүмкіндік берді. Ең бастысы, жәбірленуші өтемақыны қысқа мерзімде алады.

Прокурорлар қауіпсіз қылмыстар үшін баламалы жазаларды ұсына бастады. Енді айыпталушылардың 75%-ы қоғамнан оқшауланусыз сотталады.

Сонымен қатар адам өлтірушілер, бала зорлаушылар, террористер мен ұйымдастырылған топтарға қатысты заң күшейтілді. Оларға мерзімінен бұрын шартты босату, жаза түрін жеңілдету шаралары қолданылмайды және олар бітімгерлікке келу арқылы жауапкершіліктен босатылмайды.

Мұндай қатаң шаралар жемқорларға да қатысты қолданылады. Пара алғаны үшін еселік айыппұлдар енгізілсе де, олардың көлемі өте үлкен екенін атап өту керек. Бұдан бөлек оларға қатысты мүлікті тәркілеу шарасы қолданылады және өмір бойы мемлекеттік және оған теңестірілген қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған, олар айыптау үкімінің мерзімінің өтуіне байланысты жауапкершіліктен босатыла алмайды.

Жалпы барлық деңгейдегі прокурорлар алдында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету және жаңа кодекстердің әлеуетін жүзеге асыру міндеті қойылған.

ҚР Бас прокуратурасының, баспасөз қызметі.