Қордай ауданының 95 жылдығы аталып өтті

Бүгін, 17 қаңтар Қордай ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Аудандық мәдениет үйінде атаулы күнге арналған алғашқы «Қордайым — құт мекенім!» атты үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысып, жиналғандар мен барша қордайлықтарды мерейтоймен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да тоқталып өтті.
✅Осы күні Әлжан ана ауылындағы мәдениет ошағында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, танымал тұлғалар аудан тарихына қатысты пікір алмасты.
▪️Айта кетейік, Қордай ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың бұл басы ғана, атаулы дата жыл бойы әртүрлі форматтағы шаралармен жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі