Құстың сайраған үні адам денсаулығын жақсартады

Күйзеліске шалдыққан адамны құс үні терапеясымен емдеуге болады. Басқа да жүйке жүйесі ауруларына шалдыққандарды да құстың сайраған үнімен емдеп, ауруынан ада етуге болатын көрінеді.

Бұл жайлы неміс ғалымдары айтып отыр. Гамбург-Эппендорф университетінің медорталығы мен Мюнхен қаласындағы зерттеу институтының мамандары мәлім етті. Ғалымдар зерттеу жұмысының нәтижесін Scientific Reports журналына жариялаған.

Зерттеушілер құстың үні адамның психологиялық жай-күйіне қалай әсер ететінін білмек мақсатта тәжірибе жүргізген көрінеді. Ол үшін ғалымдар өз еркімен тәжірибеге қатысуға келіскен 295 адамның жай-күйін бақылаумен болған.

Құстың үні адамға қаншалық әсер ететінін білу үшін тіпті ғалымдар жол мен көлік қозғалысынан шыққан шу-дыбыстың да адамға қалай әсер ететінімен салыстырған. Сонда зерттеушілер құстың үні адамның бойындағы үрей мен қорқынышты, мазасыздықты азайтып, көлік үні керісінше күйзеліс пен стреске түсіретінін байқайды.

Зерттеу авторларының айтуынша, құстың үніне құлақ түрген адам бір сәт күйбең тіршіліктен «босап», күйзелісін басатын көрінеді. Сондықтан алдағы уақытта құстың үні жазылған таспа психологиялық дертті емдеу үшін терапея мақсатында қолданылуы мүмкін.

Қ. Слямбек

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/74047/