ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
Ең толық нұсқа.
Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты Қазақ – “Ұл” деген.
Ұлдан туған бала – Немере.
Немеренің ұрқы – Шөбере(Немелтай)
Шөберенің ұрқы – Шөпшек.
Шөпшектің ұрқы – Немене.
Неменеің ұрқы – Жүрежат(кейде некеге рұқсат берген)
Жүрежаттың ұрқы – Туажат(некеге рұқсат)
Туажаттың ұрқы – Жекжат.
Жекжаттың ұрқы – Жамағайын(ұрқыға айналады)
Жамағайынның ұрқы – Жұрағат(руға айналады)
Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады. Шежірелерімізді біле жүрейік!
Қыздан туған баланы Қазақ – “Жиен” деген.
Жиеннің баласы – Жиеншар.
Жиеншардың баласы – Дегеншар
Дегеншардың баласы – Көгеншар
Көгеншардың баласы – Көбеңшар.
Көбеңшардың баласы – Тебеншар.
Тебеншардың баласы – Өлеңшар.
Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан.
Ал, сегізінші ұрпағын – “Қаймана”деген.
Жеті ата танымы:
Бірінші атаңыз – Әкеңіз.
Екінші ата – Ата.
Үшінші ата – Арғы ата.
Төртінші ата – Ұлы ата.
Бесінші ата – Тек ата.
Алтыншы ата – Түп ата.
Жетінші ата – Баба.
Сегізінші ата – Ұрқы.
Тоғызыншы ата – Ру(тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған)………