Елордалық еріктілер полицияға карантин режимін бұзу бойынша тексеру рейдтерін жүргізуге көмектесуде

Елордада карантин режимін сақтау бойынша кәсіпкерлерге тексеру рейдтері басталды. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері полициямен және еріктілермен бірлесе аумақтарды аралап, дәмхана, мейрамхана, СОО, дүкендер және т.б. басшыларына жұмыс режимін түсіндіруде. Мониторинг барысында жұмыс режимін сақтамау, заңсыз қызмет сынды және т.б. бірқатар ереже бұзушылық анықталды. Заңға қайшы жұмыстары үшін кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатын болады. Осылайша СОО-ларда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар қызметіне ғана рұқсат етілді.

 

 

Дәмханалар, мейрамханалар және өзге де тамақтану орындарына егер жұмысын тоқтатуға келіспеген жағдайда онлайн жеткізуге көшуіне кеңес берілді. Сонымен бірге фитнес-орталықтар, сұлулық салондары (шаштараздан басқа), түнгі клубтар, барлар, кальян, білім орталықтары және т.б. жұмыстарын тоқтатты. Барлық әлеуметтік орталықтарда, азық-түлік дүкендерінде, қонақүйлерде, СОО-ларда санитарлық нормалар күшейтілді. Барлық жұмыскерлер медициналық бетперделер және өзге де қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұл орындар аумағында күнделікті тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.