Елбасы Австрия Президентін құттықтады

Австрияның «Жасылдар» партиясының экс-көшбасшысы Александр Ван дер Беллен сайлауда жеңіске жетіп, Хайнц Фишер босатқан Президент тағына отырды. Мемлекет заңы бойынша ол шілденің 8-інде ел тізгінін ұстайды.

Аталған саяси оқиғаға орай Елбасы Н.Назарбаев Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Федералдық Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Австрияның жаңа басшысын Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтап,  екі ел арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық қос мемлекет халқының игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді. Н.Назарбаев А.Ван дер Белленге мықты денсаулық, жауапты қызметіне табыс, сондай-ақ, Австрия халқына бақ-береке тіледі.

«ЕлАна»