«ЕлАна» сайтының бағыты бөлек…

«ЕлАна» сайтында қазақылықтың  иісі  аңқып тұр!

Ақпарат айдынына күні кеше ғана желкен салған «ЕлАна» сайты  бүгінде   оқырман қауымның зор  қызуғышылығын тудыруда.  Оған дәлел, бетке салынған мақалалардың оқылымы мен пікірлер тоғысы   күн санап артып келеді. Бір-біріне ұқсамайтын материалдардың мазмұны мен мағынасы да  ерек. Оған қоса, сайт бір сарында ғана  қызмет етпей, барлық саланы қамтуда. «ЕлАна» ақпараттық агенттігі сонысымен де құнды. Сонысымен оқылымды.

Дәл қазір, ел көлемінде түрлі сайттар қызмет етіп жатқанымен, оларда қайталау басым. Бір-бірін айна қатесіз көшіріп, әрі арзан сенсацияларға жүгіреді. Оның ішінде, әртістер өмірін өсекке айналдыруға көп басылымдар қас шебер. Бұл дұрыс емес.

Ал «ЕлАна» сайтының бағыты бөлек, тынысы терең екеніне көз жетуде. Атауының өзінде қазақ ұлтына тән қасиеттілік,имандылық  әдет-ғұрып, салт-сана мен  отансүйгіштік  құндылықтарының иісі аңқып тұр.

Сондықтан сайттың басқан әр қадамына сәттілік тілеймін. Оқырмандарыңыз көп болып,  жазар көбейсін!

Арайлым Шабденова,

журналист