ЭЦҚ кілтін қалай қайта шығаруға болады?

ЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады.

ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте оңай. Қызметті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды. Ол үшін:

pki.gov.kz сайтына өтіп, «Жеке кабинетті» таңдаңыз;
қолданыстағы ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз;
«ЭЦҚ алу» батырмасын басып, қол қою үшін өз кілтіңізді көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз;
пайдаланушы келісімімен танысып, электрондық поштаңыз бен елді мекенді көрсетіңіз. Осы бетте жаңа ЭЦҚ сақтауға арналған орынды көрсетіңіз;
«Өтінім беру» батырмасын басып, қолданыстағы ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
«Өтінім бойынша тіркеу куәліктері шығарылды» мәртебесі көрсетілетін бетті жаңартып, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Осымен жаңа электрондық қолтаңбаны алу процесі аяқталады.

Р.С.Сабеева, Тараз қалалық

№3 халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары.