ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТЫН!!!

73 келіде өнер көрсеткен жамбылдық татами шебері Данияр Шамшаев Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Ол ақтық сында өзбек спортшысы

Муроджон Юлдошовты иппон әдісімен жеңді.

Бұл күндері елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан сары құрлық додасы өтуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы