Депутаттық мандатты иеленгендер халықтың сенімінен шығуы керек!

Бүгін кешегі сайлаудан халықтың қолдауына ие болып, алға шыққан үш партия өздерінің ҚР Парламенті Мәжілісінің  6 шақырылымының  депутаттығына мандат алған үміткерлердің тізімін жариялады. Сонымен, үш партияның да тізімімен танысып шықты,  Парламенттік корпус үшін «жаңа есімдер» келіп, саяси сахнаға көтернілмек. Енді оларды Парламенттің мінберінен жиі көрсек игі еді. Әйтпесе, кешегі 5 шақырылымның көптеген депутаттары төрт жылға жуық уақыттарын алаңсыз ұйқымен өткізіп еді ғой…

        «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен партия Саяси Кеңесі Бюросының отырысы болып өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталды.

20 наурыз күні өткен кезектен тыс сайлау нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы 82,2 пайыз дауыс жинап, 127 үміткердің 84-не  депутаттық мандат беріледі. Олар:

  1. М.Айсина
  2. З.Аманжолова
  3. И.Аронова
  4. С.Ахметов
  5. Б.Әбдірайым
  6. Н.Әбдіров
  7. М.Әшімбаев 8.А.Базарбаев 9.З.Бәлиева 10.Е.Бектұрғанов 11.А.Бектұрғанов 12.Г.Бижанова 13.М.Бопазов 14.С.Бычкова 15.А.Дәуренбаев 16.Н.Дулатбеков 17.Ж.Дүйсебаев 18.С.Дьяченко 19.А.Ералиев 20.К.Ержан 21.М.Ерман 22.Б.Ертаев 23.К.Жабағиев 24.А.Жайылғанова 25.К.Жақыпов 26.А.Жамалов 27.Ж.Жарасов 28.Б.Жылқышиев 29.С.Звольский 30.Г.Иксанова 31.С.Имашева 32.Г.Ісімбаева 33.П.Казанцев 34.Ф.Каратаев 35.Б.Кесебаева 36.И.Клименко 37.Е.Козлов 38.У.Қайназаров 39.С.Қаныбеков 40.К.Қаракен 41.Г.Қарагөзова 42.А.Қожахметов 43.А.Құрманова 44.С.Құсайынов 45.Б.Мамыраев 46.М.Махамбетов 47.Б.Мәкен 48.К.Мусин 49.К.Мұсырман 50.А.Нұркина 51.Ж.Нұрманбетова 52.В.Олейник 53.Ж.Омарбекова 54.С.Омаров 55.Ю.Оспанов 56.О.Өксікбаев 57.С.Өтебаев 58.Ш.Өтемісов 59.А.Платонов 60.М.Пшембаев 61.Н.Сабилянов 62.А.Сапарова 63.С.Сейдуманов 64.С.Симонов 65.Р.Скляр 66.Б.Смағұл 67.А.Смағұлов 68.А.Суслов 69.Қ.Сұлтанов 70.А.Тасболатов 71.М.Теміржанов 72.Б.Тілеухан 73.М.Тінікеев 74.И.Үнжақова75.С.Үмбетов 76.Б.Хаменова 77.Т.Хитуов 78.М.Чирков 79.П.Шарапаев 80.Г.Шиповских 81.О.Шишигина 82.Г.Щегельский 83.Б.Ізмұхамбетов 84.Т.Яковлева

             «Ақ жол» ҚДП – еліміздегі бизнестік-кәсіпкерлік бағыттағы әрі оппозициялық ірі партия. «Ақ жол» партиясынан 35 үміткер ұсынылған болатын, соның 7 –не депутаттық мандат беріледі. Олар:

Азат Перуашев — V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, партия төрағасы;

Кеңес Абсатиров – БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры;

Ерлан Барлыбаев – партия жетекшісінің орынюасары, «Экибастузэлектросеть» АҚ басшысы;

Берік Дүйсембинов – партия ОК хатшысы;

Дания Еспаева —  «Казкоммерцбанк» Ақтөбе ОФ директоры;

Меруерт Қазбекова – V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Екатерина Никитинская — V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.

            ҚР Парламенті Мәжілісіне фракциялық партия ретінде  Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы да өтеді. Аталған партия сайлауда 7,14 пайыз дауыс жинап, 7 орынға ие болған еді. ҚХКП атынан Мәжіліске сайланған депутаттар: 

        Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты, «ҚХКП» ОК хатшысы

Баймаханова Галина Александровна, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

Қоңыров Айқын Миратұлы,  V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

Косарев Владислав Борисович, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

Магеррамов Магеррам Мамедович, «ҚХКП» Алматы орталық комитетінің хатшысы

Смирнова Ирина Владимировна, Алматы қаласы, № 48 мектеп- лицейінің директоры

                Енді Қазақстандағы 17 миллионнан астам республика азаматының тағдырын осы үш Парламенттік фракция шешпекші.  Үш партиялық корпус Үкіметпен бірлесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 ауқымды реформасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  қалтқысыз жүзеге асыру тиіс. Әйтпесе, бұлардың  кешегі 5 шақырылымдағы өз еріктерімен мерзімінен бұрын тараған «қауқарсыз» фракциялық құрамнан несі артық болмақ?!

Елдос Қуатұлы