ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев жұмыс сапарымен Райым, Аманөткел ауылдық округтерінде болып, дария бойындағы ахуалды бағамдады.
Қазіргі таңда күннің суытуына байланысты Сырдария өзенінің бойында мұз ұстасуда. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев және облыстық жұмылдыру дайындығы орталығы директорының орынбасары М.Сақитжановпен бірге «Ақшатау-Қамыстыбас» көлдер жүйесін суландыратын «Аспай» суағытқысының және Бұрмақұлақ учаскесінің жағдайын бақылады. Аталған аймақтарда дария суы қалыпты деңгейде.
Қазіргі таңда, Басықара су тоспасынан төмен қарай секундына 200 текше метр су түсуде. Аталған мол суды Кіші Арал теңізіне жіберу жұмыстары жүргізілуде. Бұрмақұлақ учаскесінен жоғары тұрған каналдар 70 текше метр су алып тұрса, төменге ақлақ су тоспасынан яғни, Кіші арал теңізіне секундына 125 текше метр су тасталуда. Сырдария өзенінің ахуалы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Арал Ауданы