«Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы Сарысуда

Әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық дағдарыстардың шешілмеуі және әлеуметтік мәселелердің әсері діни саладағы теріс үрдістердің өзге бағыттарға өтуіне түрткі болып отыр. Қоғамдық пікірді өзге арнаға бұру үшін діни экстремизм мен фанатизм, әсіре діншілдік жаһандық сипат алуда.
Қалыптасқан жағдайларда қолданыстағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүйелі профилактикалық жұмыстарды жүргізу және оған қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін дамыту күн тәртібіндегі мәселеге айналған.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е. Үйсімбаевпен дін саласындағы теріс үрдістерге ден қою тетіктерін қалыптастыру мақсатында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Жобаның мақсаты діни саладағы теріс үрдістердің алдын алу бағытында мемлекеттік-конфессиялық, конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардың жай-күйін объективті бағалауды қалыптастыру, азаматтарға дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу және өзге де діни мәселелерде ақпараттандыру, діни экстремизмнің ықтимал көріністерін анықтау және алдын алу болып табылады.
21-23 ақпан күндері Сарысу ауданында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасының жұмысшы тобы болып, түрлі конитингент арасында іс-шаралар өткізді.

Сарысу ауданы әкімдігі