Дәстүр мен ғұрып: Табақ тарту

Аста, тойда, мерекеде табақ тартудың өзі үлкен өнер, елдікке сын. Сондықтан мұның да өзіндік салттық тәртіптері бар. Әр табақ қонақтың дәрежесіне, жасына, жолына сәйкес тартылуы тиіс. Олар бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ т.с.с. бірнеше түрге бөлінеді.
⚜ Бас табақ құрметті адамдарға, қонақтарға, құдаларға арналғандықтан мұнда бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе, қазы, қарта, жал, жая т.б. кәделі мүшелер тартылады. Сый табаққа да осындай мүшелер салынады.
⚜ Жастар мен келін табақтарына асықты жілік, төс, омыртқа сияқты мүшелер де жарай береді.
⚜ Жалпы табақ тарту — салт қана емес ұлттық әдеп пен дастархан, тамақ беру мәдениетінің кепілі. Әр қонаққа лайықты мүше болмаса — ол білімсіздіктің белгісі ретінде сынға алынған.
❗️Қонаққа ірі малдың жамбасының шұқыршағы тартылмайды!
⚜ Бүгінгі күні бұл дәстүр сіздерде қалай орындалады?