Бюджет тапшылығын жабу үшін сырттан қарыз алу үдеп барады

бақтықожаӨткен аптада спикер Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында күн тәртібіне екі мәселе енгізілді. Олар: еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жолдауы және  Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы. Бірлескен отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-министр Кеңсесінің, Парламент Палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

мәсімовДепутаттар Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың командасын сұрақтың астына алды. Кей депутаттар көзге шыққан сүйелдей көрініп тұрған қаржы төңірегіндегі  былықшылықтарды тізіп шықты. Ақыр аяғында бюджет қаржысын жылына бір рет нақтылап, сонымен жұмыс істеуді ұсынды. Осы бірлескен отырыста көңілге  тағы бір түйгеніміз: Еліміздің сыртқы қарызы 145 млрд. доллар болса, оның 40 млрд. доллары мемлекеттің берешегі екен.  Бұл — үлкен сома. Бұған дейін Мәжіліс пен Сенатта талай мәрте талқыланған республикалық бюджеттің атқарылу бар ы с ы  бірлескен отырыста тағы қаралды.  Қаржы министрі  Сұлтановтың жетістікке толы есебінен гөрі, қазына қаржысының 7,8 млрд. теңгесінің игерілмей қалғаны депутаттардың алаңдаушылығын тудырды.   Депутаттар мемлекеттің қаражатын игеруде жіберіліп жатқан қателіктер өте көп екеніне қынжылыстарын білдірді.  2015 жылы республикалық бюджет нақтыланған күннің өзінде игерілмей қалған  қаржылар болғанын ашық айтты.

аманжолМұны азсынсаңыз, былтыр 1,6 трлн. теңгенің заңбұзушылықтарына жолөксікбаев берілген көрінеді. Осы ретте депутат Аманжан Жамалов жалған кәсіпкерлікпен күресті мықтап қолға алу керек деп санайды. Мәселен, былтыр 300 млрд. теңге заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылған. Ал 2011-2014 жылдар аралығында 1 трлн. 270 млрд-тан астам теңге осындай жолмен қолды болып кеткен. Былтыр бюджет тапшылығын жабу үшін шетелден 1,1 трлн. теңгеге жуық қаражат қарызға алыныпты. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9 есеге көп. Осы мәселеге алаңдаушылық білдірген депутат Омархан Өксікбаев: «Қазір еліміз бюджет шығысының 16%-ын сырттан алған қарызбен жауып отыр», — деп, ренішін жасырмады.

бектасҚР Парламенті Сенатының депутаты Бектас Бекназаров: «Миллиардтаған сомаға халық қаражаты тиімсіз кетіп, талан-тараж болса, онда лауазымды адамдар тек тәртіптік әрі кетсе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы дұрыс па? Біз ең алдымен тиімсіз пайдаланылған қаражатты мемлекетке келтірілген залал деп есептеп, кінәлі адамдардан осы залалды толықтай өндіріп алу механизмдерін қарауымыз керек», — деп, өзінің заң саласындағы біліктілігін көрсетті.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қос палатаның депутаттары еркінсіп кеткен министрлерді біраз сілкілеп алды. Біздің шенеуніктердің «жалы күжірейіп» жүретіндіктен, оларға «арық атқа қамшы ауыр» деп айту қисынға келмес. Дегенмен «бәрі керемет» деген сөзге семіріп, босаңсып кеткендеріне сабақ болары анық.

Айтпақшы, Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында ел өміріндегі тағы бір өзекті мәселе — жер тақырыбы да сөз болды. Бұл ретте  сынға ұшыраған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов сөз арасында: «Алдағы уақытта тұрғындарға 10 сотық жер телімдерін беру ісі жанданады», — деп қалды. Бірақ оның нақты қалай атқарылатыны белгісіз. Бәлкім бұл ашуға мінген депутаттардың арынын басу үшін, «соққан желдің бағытын» басқа жаққа қарай бұру емес пе? Бір саусағын ішіне бүгіп отырған Үкіметтің бұл қылығы, қалай десек те, жақсылық нышаны. «Жақсы сөз — жарым ырыс» демей ме қазақ даналығы.

Нағашыбай Қабылбек