Біздің тарих бізге ғана керек!

     26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты Ақмола облысының мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен» бірігіп Ерейментау ауданы әкімдігі мен аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Ерейментау ауданының тарихи-мәдени мұрасы: сақтау, зерттеу мен насихаттау мәселелері» атты семинар өткізді.
A26J9997

 

     Астанадан арнайы барған топ құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барын айта кеткен жөн. Насихат тобы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты далалық семинар кезінде Құмай түрктік археологиялық-этнографиялық кешені, Қосбатыр түрктік кешендерінің бүгінгі жай-күйіне көз жүгіртті. «Бұл кешендердің зерттеу жұмыстарын жүргізуде тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаеваның еңбегі ұшан-теңіз»,-дейді тарихшы-археологтар. A26J0220

Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапқан семинарда аудан әкімі Ермек Нұғыманов сөз алып, қонақтарға алғысын білдірсе, Ақмола облысының мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКК директоры Талғат Ыбыраев Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы бойынша атқарылған жұмыстары мен мәселелері жөнінде кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, семинардың негізгі ұйымдастырушылары ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы ғылыми ізденістерінің нәтижелері мен перспективаларына қысқаша тоқталып, сөз кезегін әріптестеріне берді. Институттың Археологиялық мұра бөлімінің жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты Талғат Мамиров Ерейментау ауданының мысалында Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мен сақтау мәселелерін сөз етсе, тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бөлімінің жетекшісі, PhD докторы Айбар Қасенәлі «Қазақстанның тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнама: ескерткіштерді қалай қорғаймыз?» тақырыбында баяндама жасады. Аталмыш мамандардың жәй ғана баяндама жасап қана қоймай өз тақырыптарында кеңінен зерттеу жасап, халыққа түсінікті етіп жеткізгенін ерекше атап өтуге болады.

 

      A26J0364 1036 тарихи жәдігері белгілі Ерейментау өңірі – марғасқа ақын-жыраулар мен жаужүрек батырлар туып-өскен жер. Бөгенбай атыр атындағы тарихи-өлкетану  музейі 1991 жылдың 28 шілдесінде аты аңызға айналған баһадүрдің 300 жылдығына орай ашылған. Бес экспозициялы залы бар музейге 2005 жылы реконструкция жүргізіліпті. Басшылық қызметке келгеніне көп болмаған Ләззат Түгелбаеваның өзі журналист-блогерлерге Ерейментаудың өзге де тарихи мұрасымен таныстырды.

A26J0224

        P.S. Семинардың-экскурсияның мақсаты – бір сөзбен айтқанда, тарихи-архелогиялық ескерткіштерімізді, соның ішінде, аспан астындағы ландшафтлерді ел болып, жұрт болып қорғау және кеңінен насихаттау. Яғни, біздің тарихымыздан, мәдениетімізден сыр шертетін объектілер бізден басқа ешкімге керек емес. Тіпті, өз арамыздан шыққан адамдардың көненің көзі болған тарихи орындардың бұлқан-талқанын шығарып, қолды қылып отырғанына көз жұмып қарауға болмайтынын семинар барысында жұртшылық түсінді деген сенімдеміз. Бұл шара жөнінде өзге де мәліметтерді толығырақ алдағы күндері жариялайтын боламыз.    

«ЕлАна»

Суреттерді түсірген Ғани Өмірбеков