Биыл Жамбылда 671 тонна шөп өртеніп кетті

2022 жылдың 8 айында Жамбыл облысы аумағында 66 шөпхананың өртену оқиғасы тіркелді. Өрт салдарынан 671 тонна шөп өртеніп кетті. Өрттен келген шығын – 5 млн 465 мың теңге.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ералы Ақылбеков айтты. Оның айтуынша, 3 өрт абайсызда туған, 47 өрт қауіпсіздік ережесін сақтамаудан шыққан, 4-еуі қасақана өртеуден пайда болды.
❗️ «5 өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан, 6-ауы баланың отпен ойнауынан шықты. 53 өрт оқиғасына қатысты әкімшілік іс қозғалды, 36 ескерту жасалды. Қазіргі таңда орманды далалық алқаптарда 2 дала өрті болып жатыр, келтірілген шығын көлемі – 2 млн тенге», – деді спикер.
©️©️©️
✅ Ералы Нұрғалиұлы балалардың да кесірінен өрт оқиғалары орын алатынын атап өтті. Яғни, әр ата-ана балаларын бақылауда ұстауы қажет.

#ӨКҚ