Біле жүріңіз✍️

⚜ Өзінің бар болғаны қаншалықты маңызды екенін білмейтін адамдар бар.
⚜ Өзіне қаншама адамның мұқтаж екенін білмейтін адамдар бар.
⚜ Өзгенің өмірінде жай ғана пайда болғаны зор бақыт екенін білмейтін адамдар бар.
⚜ Өзгелерге жай күліп қарағаны қаншама қуаныш сыйлайтынын білмейтін адамдар бар.
⚜ Өзінің етене жақындығы бізге олжа екенін білмейтін адамдар бар.
⚜ Ол жоқ болса өзін жер бетіндегі ең соңғы қайыршыдай сезінетін адамдар барын білмейтіндер көп.
⚜ Кей адам өзінің Көктің сыйы екенін білмейді.
Әттең, соның бәрін дер кезінде айтсақ, білер еді.