Биік тұғырдан көрінетін сайт

Еліміздің ақпараттық кеңістігінде басқа сайттардан өзгеше қоғамның барлық салаларын қамтитын жаңа сайттың қолданысқа енгізілуі бізді ерекше қуанышқа бөледі. Дүниежүзілік тәжірибеден белгілі әртүрлі қоғамның бағыттары өз дәуірінде өзгеріп отырады, сондықтан ақпарат үнемі даму үстінде болады. Сол сияқты «ЕлАна» ақпараттық агенттігі бұқаралық ақпарат құралы ретінде ежелден қалыптасқан біртұтас қазақ халқының мәңгілік ұлт, мәңгілік ел болуына барынша көмектесетіні – оның басты мақсатынан- ақ көрініп тұр.

     «Мың өліп, мың тірілген» халқымыз үшін бұл сайттың үлкенге де, кішіге де өткенді еске түсіріп, жаңаны үйрену үшін маңызы айтарлықтай екендігі ешқандай күмән тудырмайды. «ЕлАна» ұжымының алдына қойған мақсатына тереңірек үңілсек, ол адамгершілік пен имандылық құндылықтары және халықтың салт-дәстүрлері негізінде өскелең ұрпаққа қазақы тәрбие беруді, сондай-ақ Отанын, туған елін, жерін құрметтеу үшін жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруды көздейді.Сонымен қатар, осы сайт еліміздегі мәдени мұраларды, саяси-әлеуметтік жағдайларды тағы да басқа қоғамдағы жетістіктерді халыққа жеткізумен бірге ұлттық менталитетімізге қарсы жат құбылыстармен күресуді алдына міндет етіп қойғанымен ерекшеленеді.

     «ЕлАна» ұжымын аталған сайттың еліміздің ақпараттық кеңістігіне енуіне байланысты шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігімді білдіре отырып, шаттық көңілмен шын жүректен құттықтаймын! Келешекте бұл сайттың оқырмандарымен бірлесе отырып, талай-талай белестердің биігіне көтерілетіні анық.

Тұңғышбек Сейсенұлы Байқұлов