Биік мақсат алға жетелейді.

№3 Қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Айтжан Сұлтан  өзінің саналы тәрбиесі мен сапалы білімінің нәтижесінде алтын ұя лицейінің мерейін аспандатып, мәртебесін көтеріп жүрген оқушы.

Биылғы оқу жылының алғашқы жарты жылдығында Сұлтан Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен II орын иеленіп, Күміс медальді лицей қоржынына салса, аталған олимпиаданың республикалық кезеңінде өзінің  терең білімінің арқасында I орынды жеңіп алып, Алтын медальді қанжығасына байлады. Осының нәтижесінде,  Алматы менеджмент университетінің грант иегері атанды.

Аталған оқу жылында әлемдегі 15 ең үздік жоғарғы оқу орындарының қатарына енетін Сингапур ұлттық университетімен АҚШ-тың UALE  университетінің бірігіп ашқан жаңа NUS College-не ағылшын тілі пәні бойынша берілген сынақтардан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізе отырып тегін оқуға қабылданды. Ағылшын тілінің деңгейін анықтау мақсатында өткізілген 2400 балдық жүйені құрайтын SAT емтиханынан 2150 балға ие болса IELTS емтиханында ең жоғарғы тоғыз ұпайдан сегіз ұпайға қол жеткізді.

2016 жылдың  мамыр айының 20-сы күні қалалық Нұр Отан ХДП ұйымдастыруымен өткен үздіктер слетінде  «Озат оқушы» номинациясына ие болды.

5-сынаптан бергі жекелеген барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары үздік деп танылған, «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер оқушымыз Сұлтанға алдағы болатын ҰБТ -дан ең жоғарғы балға қол жеткізуіне тілектеспіз!

Келешекте Мәңгілік Еліміздің мәңгілік тірегі болатын Сұлтандай алғыр, озат оқушыларымыздың қатары көбейе түссе екен деп ниет білдіреміз!

Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі С.Ш.Бакирова