Бес айда 740 мың құқық бұзушылық тіркелген

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде «Жергілікті полиция қызметінің қалыптасу барысы және оның қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз етудегі қызметінің алғашқы нәтижелері туралы» тақырыбында үкiмет сағаты өтті,-деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үкiмет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады. 
«Жыл басынан берi iшкi iстер органдары тарапынан 740 мыңға жуық құқық бұзушылық туралы арыздар мен өтiнiштер қаралды. Олардың 136 мыңға жуығы сотқа дейiнгi тергеу басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар. Екi жыл қатарынан елдiң бүкiл құқық қорғау жүйесi қылмыстық сот өндiрiсiнiң жаңа моделi бойынша жұмыс iстеп келедi», — дедi министр баяндамасында.
Оның айтуынша, жаңа қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, қазiр елiмiзде тергеуге дейiнгi тексеру жоқ. Егер бұрын қылмыс тергеуге дейiнгi тексерiске және қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн ғана ресми түрде тiркелсе, қазiр арыздар мен өтiнiштер сотқа дейiнгi тергеудiң бiрегей тiзiмiне қылмыс ретiнде бiрден тiркеледi. Ал тiркеудiң өзi сотқа дейiнгi тергеудiң басталуы болып саналады.