Баяғыда бір дана ұлына үш өсиет айтқан екен:

1. Жесең, ең дәмді тағамдарды же;
2. Ұйықтасаң, ең рахат төсекте ұйықта;
3. Өмір сүрсең, бай болып өмір сүр.
Ұлы әкесінен:
– Әке, ең дәмді тағамды қайдан табамын? – деп сұраса, әкесі:
– Адал жолмен тап. Қарның ашпастан тамақ жеме. Қарның қатты ашса, қалаған тамақ дәмді болады.
– Ең жұмсақ төсекті қайдан аламын? – десе, әкесі лезде:
– Еңбекқор бол! Қатты шаршасаң саған қалаған жер жұмсақ төсектей болады.
– Қалай бай болайын? – деген соңғы сұрағына:
– Басқалардың дүниесіне тамсана қарама, өзіңнің мүлкіңе қанағат жаса. Сол кезде сенен бай адам болмайды, балам. – деп жауап беріпті әкесі.