Батысқазақстандық спортшылар қол күресінен Азия чемпионатына жолдама алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық спортшылар Самал Дәулетова, Кенжеқыз Қаупенова, Әсел Жұмағамбетова, Қуаныш Саламатов қол күресінен Азия чемпионатына жолдама алды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған спортшылар Өскемен қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел біріншілігінде табысты өнер көрсетті. С.Дәулетова 75 кг, К.Қаупенова 65 кг, Ә.Жұмағамбетова 75 кг жоғары және Қ.Саламатов 45 кг салмақта күміс жүлдегер атанды.