БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ АРҚАН ТАРТУ

Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу орталығы мен Суханбаев ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Ерғали Нұрғожаевтың бірлесе ұйымдастыруымен Жақаш ауылында мектеп оқушылары арасында баскетбол және арқан тартудан турнир өткізілді.

«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы» ұранымен өткен жарыстың ашылуында Суханбаев ауылдық округінің әкімі Абдулмұрат Мадибаев сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ауылдық округтен жасақталған бес команда арасында тартысты өткен жарысқа 30 спортшы қатысып, жеңімпаздар екі спорт түрінен ұпай саны бойынша анықталды.

Атап айтқанда, жүлделі 1 орынды «А.Суханбаев атындағы орта мектебі», 2 орынды «Т.Ақбозов орта мектебі », 3 орынды «Қарасу орта мектебі» иеленді.
Жарыс жеңімпаздары тиісті Диплом, медаль, кубокпен марапатталды.

Байзақ ауданы әкімдігі