«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 170 БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалында «Баланы мекепке даярлайық!» акциясы өз жалғасын тапты.

Шараны Партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков ашып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, еліміздің дамуы жолында сүбелі үлес қосатын азамат пен азаматша болуына тілектестік білдіріп, 15 отбасының баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмке сыйлады.

Аталмыш акция бойынша партияластар және мәслихат депутаттары әр ауылдық округ бойынша өздеріне қарасты көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етуде. Бұл акция айдың соңына дейін жалғасатын болады. Биыл Партия тарапынан аудан бойынша аталмыш акция аясында 170 баланы мектепке даярлау жоспарда бар.

Айта кету керек, «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып, оқушыларға қолдау көрсетіп келеді.

Жуалы ауданы