Байзақ ауданында жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Бүгінгі таңда облыс бойынша жол саласында 252 нысанда жол жөнделіп жатыр. Жыл басынан бері 605 шақырымның 79-ында жөндеу жұмыстары аяқталған.

Айта кетсек, Байзақ ауданындағы биылға қарстырылған жол 10-шы қазанға дейін аяқталады. Аталмыш жолдарды жөндеу бойынша 20 адам жұмысқа тартылды. Ал, халықтың өтініші бойынша «Тараз Жетібай Тегістік Ойық» бағытындағы жолдар жөнделіп жатыр.

✅«Бұл жолдарда көлікпен қатынау қиындық туғызып жүрген еді. Енді тақтайдай жол тартылуда. Халықтың үніне құлақ асып, жолдарды жөндеп жатқан басқармаларға алғысымызды айтамыз, ендігі асфальталып жатқан жолдар толығымен аяқталады деп үміттенеміз»,-деді Әзімбек Әбдіхалық Байзақ ауданының тұрғыны.
Жыл басынан бері, 605,2 шақырым жолдың 478 шақырымына жаңа асфальт төселген. Ескере кетсек, Байзақта бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі