Бақытбек Смағұлов Атыраудағы митингке шыққандарды патриотқа балады

«Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, 8 жыл бойы келіссөздер жүргізіп, Ұлы Дананың әрбір сүйем жерін халықаралық дәрежеде шегендеу – бұл үлкен еңбек. Оны президент жақсы айтты. Екінші бір мәселе, «қара жерге халық ие, қара халыққа хан ие» екенін көрсеткендей болды. Министрліктердің бұл мәселені сауатты түрде жеткізу шаралары да аса қажет. Мен өзім анау жиналған халықтың (Атыраудағы митинг – авт.) жерге деген жанашырлығын, қазақтың елін қасық қаны тамғанша қорғайтындай патриотизмін сездім. Ол жағынан ризамын. Бірақ солардың ішінде жерге қатысы жоқ азаматтар да болуы әбден мүмкін. Бүгінгі біздің татулығымызды көре алмайтындар да бар. Отқа май құятындар да бар. Ол жағынан біз сақ болуымыз қажет. Мен оны депутат ретінде емес, қарапайым адам есебінде айтып тұрмын», – дейді ауған соғысының ардагері.

Депутаттың айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерінің шетелдіктерге сатылмайтынын заңмен бекітілген. Бірақ жер телімдерін аукционмен сату мәселесін халық басқаша түсінді, оны басқаша түсіндірген азаматтар да бар.

Дереккөз: BAQ.KZ