“БАҚАНЫҢ БАҒЫНАН, СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫ АРТЫҚ”

Бауыржан атамыздан қалған қадірлі сөз.

“Адамды бұзатын не? Тағы сол – атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені, қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала – бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкір кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді – елу жас па, жүз бе, бәрібір оны аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де – сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!”