Теңдесі жоқ, қымбат хадис…

Бұл хадиске ислам ғалымдары «құны алтыннан да жоғары» деп баға берді. Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етіледі:
Бірде пайғамбарымыз Мухаммедке ( ﷺ ) бір араб кісі келіп: «уа Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», – деді.
Пайғамбарымыз ( ﷺ ) оған: «сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», – деді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз ( ﷺ ) төмендегі жауапты берді:
– Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?
– Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.
– Адамдардың ең байы болғым келеді?
– Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.
– Ең әділетті кісі болғым келеді?
– Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.
– Адамдардың ең жомарты болғым келеді?
– Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.
– Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?
– Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.
– Иманымның қуатты болғанын қалаймын?
– Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.
– Алладан шын қорқатын адам болғым келеді?
– Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.
– Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді?
– Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың.
– Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын?
– Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.
– Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын?
– Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.
– Күналарымның азайғанын қалаймын?
– Көп тәубе ет, күналарың азаяды.
– Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?
– Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.
– Барлығынан күшті – қуатты болғым келеді?
– Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.
– Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?
– Үнемі дәретпен жүр.images (1)
– Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді?
– Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.
– Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын?
– Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.
– Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын?
– Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.
– Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?
– Көз жасы, итағат ету және ауру.
– Алла қай амалды жақсы көреді?
– Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.
– Алла қай амалды өте жек көреді?
– Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.
– Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?
– Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.
– Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?
– Қайғы – мұңда сабыр ету.
– Алла мен Оның елшісінің ( ) сүйіктісі болғым келеді?
– Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, – деп жауап берді.

                                                                                           «ЕлАна»