Бәрекелді! Гүлшара Әбдіхалықова ханым әйелдер мәселесін Нью-Йоркте көтерді

gulshara_abdikalipovaЕліміздің Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова ханым Америка құрама штаттарына арнайы іс-сапармен барып келді. Сапар барысында Гүлшара Наушақызы  Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэлмен кездесіп, азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелерін талқылады. Мұнан бөлек, Гүлшара Әбдіхалықова Вудро Вильсон атындағы АҚШ халықаралық ғылыми орталығында сөз сөйледі. Онда жалпыұлттық бірлік, этносаралық келісім мен білікті мамандар дайындау жолындағы «Болашақ» бағдарламасы да жан-жақты талқыланды. Мемлекеттік хатшы сапарының екінші күнінде «Жанды дауыстар» жаһандық әріптестігі» атты халықаралық үкіметтік емес ұйымының гала-қабылдауында болды. Күн тәртібінің ауқымдылығына қарамастан, Гүлшара Әбдіқалықова мұндағы «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан қазақстандық студенттермен де жүздесті. Сондай-ақ, «Наурыз» мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға қатысып, қазақстандық делегацияның жұмыс сапары Нью-Йоркте жалғасын тапты. Онда Г. Әбдіхалықова ханым БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніңдегі комиссиясының 60-сессиясына қатысып, баяндама жасады.

Қазақстандағы Әйелдердің мәселесі АҚШ-тың ірі қаласы – Нью-Йоркте көтеріліп, халықаралық ұйымда Қазақстандағы гендерлік саясат бойынша атқарылып жатқан істер және демография мәселелері жан-жақты сөз болды.

«ЕлАна» ақпарат