Бәрекелді.. ! Әкімнің сөзің тікелей қазақшадан ағылшыншаға аударып беріп отырды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті келшісі Стефано Раваньямен кездесті деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz.

Жиынның алғысөзін қазақшадан бастаған Ноғаевты Италия елшісі былай тұрсын, оның аудармашысы да түсіне алған жоқ. Өйткені, тілмәш тек орысшадан ғана аударады екен. Салдарынан әкімнің сөзін сондағылар алдымен орысшаға аударып, одан кейін аудармашы итальян тіліне тәржімалай бастаған. Алайда, араға Атыраудағы мұнай-газ институтының ректоры Әли Әбішев араласып, ол Ноғаевтың сөзің тікелей қазақшадан ағылшыншаға аударып беріп отырды.

Осылайша мемлекеттік тілді білмейтін тілмәштарды қажет етпеген кездесуден кейін Стефано Раванья Нұрлан Ноғаевқа алғысын айтып, міндетті түрде қазақ тілін жақын уақытта үйреніп алуға уәде етті.

Естеріңізге салайық, дәл осыған ұқсас жағдай Ақтөбеде қытайлық компания өкілдерімен кездесу барысында орын алған еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қазақшасын түсінбеген аудармашылар одан орысша сөйлеуді сұраған болатын.

Дереккөз: Nur.kz