Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр

Ахмет Байтұрсынұлы – мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы, Жанкелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.

▪️Биыл ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар Қостанай облысындағы дала өртіне байланысты кейінге шегерілді.