Ауыр атлетика үздіктері марапатталды

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 2015 жылғы ересектер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленген еді.

Конфедерация баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық құрама бапкерлері мен спортшыларға ақшалай сыйлық берген. Сонымен қатар, спортшылардың жеке бапкерлері де сый-сияпатқа ие болды.
Сондай-ақ, жастар құрамасы да назардан тыс қалмады.

Айта кетейік, Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарына толық құрамда (6 ер, 4 қыз) қатысады.

«Қазспорт»